Лентаға

Сәлем, барлығыңа! Менің ішімде сендерге айтқым келіп отырған жан айқайым бар. Біз бәріміздің жүрегімізде иманымыз бар, саналы адамдармыз ғой. Сол себепті жануарларды аяйық, оларға мейірім көрсетейік. Біз жалғыз емеспіз. Бізден бөлек жануарлар да бар. Олар да сезеді: қорқады, ауырады, қуанады, бала-шағасын, ата-анасын ойлайды. Бірақ кейде біз оларды ойламай, оңай өлтіріп аламыз. Иә, етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнін, терісін пайдаланамыз. Бірақ соңында олардың да өмір сүруге құқығы бар екенін ұмытпайық. Мен ешкімді міндеттемеймін, әрине. Бірақ менің ойымша, ең дұрыс жол – веган болу. Веган болу – тек еттен, жұмыртқадан немесе сүттен бас тарту емес, бұл жануарларға және өзімізге мейірім көрсету. Еттің орнына пайдалы көкөністер мен жемістерді жеуге болады. Сол арқылы табиғатты қорғаймыз, жануарларды қорғаймыз және өз денсаулығымызға қамқор боламыз. Мейірімді болайық, жануарларды қорғау – біздің қолымызда.

Пікірлер (3)

  1. Еті халал малдарды адамдар азық ретінде пайдалу үшін жаратқан, қуа бермеңдерші

  2. Мейірімді болу керек әрине бірақ денің сау болсын десең веган болмайсың

  3. Жеміс көкөністердің де жаны барной оларда өседі су ішеді жаурайды ыстықтайды