Сәлем, бұл Ұятмэн әкімшісі 🙈 Сендердің оқиғаларыңды күнде оқимын. Кейбірін оқып отырып күлемін, кейбірінен кейін ұзақ ойланып қаламын. Жақында бір ой келді: кейде жазғаннан гөрі айтып беру оңай ғой. Сондықтан оқиғаны дауыспен айтуға болатын мүмкіндік қосқым келеді. Мәтін терудің керегі жоқ: микрофонды басасың да, айта бересің. Қаласаң, дауысыңды өзгертеміз, ешкім танымайды. Бәрі бұрынғыдай анонимді. Бірақ алдымен сендерден сұрағым келеді: бұл керек пе? Telegram-арнамызда сауалнама ашып қойдым. Дауыс берсеңіздер болады: https://t.me/uyatman_asia
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жаз.