Лентаға
Ұл, 18 жаста

Менің достарым жоқ. Себебі мен ақкөңілмін, момынмын, және барлығының көңілін қалдырмауға тырысамын. Мен оларға ұнау үшін көптеген жақсылық жасаймын. Ал ол надандар менің момындығыммен ақкөңілділігімді әлсіздік ретінде санап мені басынады. Маған прикол ұстайды. Отырыстарға шақырады, бірақ мен бармаймын, себебі баратын болсам қыздардың алдында жер қылып артынан түк болмағандай кешір деп жүре береді. Жақсылықтарымды жамандықпен қайтарады. Інім бар, күнде достарымен көшеге шығып, олармен телефон арқылы байланысып күліп отырады. Шыны керек мен оны көре алмаймын, себебі оның достары бар. Отбасым маған сен неге достарыңмен араласпайсың дейді, неге көшеге шықпайсың, неге қыдырмайсың дейді. Мен сол кезде өте қатты ұялып кетемін. Өзімнің бейшара екенімді ешкімге көрсеткім келмейді. Мен тек жалғыздықпен доспын. Маған жалғыздық ұнайды. Өмір сондай әділетсіз...

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жаз.